Ел өңірлерінен жеткізілген тұқымдық картоп саяжайшыларға бөлініп берілді

ОРАЛ. 9 мамыр. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында болған тасқын судан 7156 саяжай телімі зардап шеккені мәлім. Саяжайшыларға көмек ретінде облысқа өзге өңірлерден 144 тонна тұқымдық картоп жеткізілген болатын.
None
None

Егер 50 тонна картопты Шығыс Қазақстаннан «Майлы дақылдар тәжірибе шаруашылығы» ЖШС жөнелтсе, 60 тонна тұқымды Қарағанды облысындағы «Айхан» шаруа қожалығы бөлген. Екі вагон картоп Желаев стансасындағы «Уральскагроснаб» кәсіпорны өндірістік базасына түсірілген болатын. Ал 34 тонна картоп Қостанай облысынан автокөлікпен жеткізілген. Оны орналастыруға «Водстройкомплект» кәсіпорны жәрдем берген.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының кеңесшісі Николай Зинченконың айтуынша, тұқымдық картоптың сапасы, әсіресе, Қостанайдан әкелінген латон, аладин сорттары өте жақсы. Сондай-ақ шығысқазақстандықтар да сапалы невалық сортын жіберген.

Тұқымды бөлумен қалалық саяжайшылар қоғамы айналысты. Әр телім иесіне 18-19 кг картоптан бөлініп берілді.

Соңғы жаңалықтар