Ел Премьер-Министрінің Ақтөбеге жұмыс сапары аяқталды

Жаңа мектепке дейінгі мекеме - Мемлекет басшысының 2009 жылғы қарашаның 13-інде тікелей эфир барысында мектепке дейінгі желілерді дамыту бойынша берген тапсырмасын жүйелі орындаудың бір кезеңі. Жалпы алаңы 1 000 шаршы метр болатын орталық көппәтерлі тұрғын үйдің бірінші қабатына орналасқан, онда балаларды ұстау мен тәрбиелеуге арналған барлық шаралар жасалған. Орталықта әрқайсысында 30 баладан екі топ бар. Медициналық пункт, азық-түлік блогы, оқу сыныптары, тұрмыстық қызмет бөлмесі, әкімшілік үй-жай бар. Орталық балалардың 12 сағаттық болуымен, аптасына бес күндік жұмыс режимінде жұмыс істейтін болады.
Үкімет басшысы мектепке дейінгі мекеменің ұжымын қызметтерінің басталуымен құттықтап, балаларға компьютерлік сыныпты сыйға тартты.
Үкімет басшысы Ақтөбеге жасаған өзінің жұмыс сапары барысында жеті нысанда болып, сапарын қорытындылай келе, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау бойынша облыс және облыс орталығы атқарушы органдарының жұмыстарына оң баға берді. Облыста жанар-жағар майларға, азық-түлік өнімдеріне деген бағалар тұрақталған, республикалық және аймақтық индустрияландыру бағдарламалары ойдағыдай орындалуда, «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша 10-нан астам жаңа мектептер мен заманауи медициналық мекемелер ашылды.
Премьер-Министр сонымен қатар, әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыстың салдарларына қарамастан облыста, жалпы алғанда елімізде, жағымды әлеуметтік-экономикалық жағдай сақталып отырғанын атап өтті.