Ел Үкіметі 2010-2014 жылдарға арналған көлік инфрақұрылымын дамыту салалық бағдарлама жобасын мақұлдады

АСТАНА. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Ел Үкіметі 2010-2014 жылдарға арналған көлік инфрақұрылымын дамыту салалық бағдарлама жобасын мақұлдады. Аталған құжатты бүгін ҚР Көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов Үкімет мүшелерінің назарына ұсынды.
None
None

Министр салалық бағдарлама жобасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында дайындалғандығын және ҚР-ның 2020 жылға дейінгі стратегиялық жоспарының басты бағыттарына келтірілгендігін атап өтті.

«Бағдарламаны іске асырудың негізгі 58 инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қаржы ресурстары басты құрамдас бөлігі болып табылады. Бөлінетін қаржы ресурстарының жалпы көлемі 2,7 триллион теңгені құрайды. Соның ішінде республикалық бюджет есебінен 1,1 триллион теңге қарастырылады»», деді Ә.Құсайынов.

Оның атап өтуінше, көлік бойынша жалпы қосылған құнға қол жеткізуге байланысты көлік және коммуникация кешенінің негізгі көрсеткіштерін 63 пайызға ұлғайту басты мақсат болып отыр.

Соңғы жаңалықтар