Елбасы: 2016 жылы БҰҰ-ның халықаралық құқықтың арқаулық қағидаттарын бекітуге арналған жоғары деңгейдегі халықаралық конференциясын шақыруды ұсынды

НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат - 2016 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық құқықтың арқаулық қағидаттарын бекітуге арналған жоғары деңгейдегі халықаралық конференциясын шақыруды ұсынамын. Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясы 70-ші мерейтойлық сессиясының жалпы пікірталасында сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.
None
None

Елбасы өз сөзінде әмбебап ұйым ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымын алмастыра алатын балама жоқ екенін, елдердің өздерінің халықаралық міндеттемелерін орындауы қазіргі әлемдік тәртіптің ең басты мәселесі болып қала беретігін атап өтті.

«Қазақстан Украина дағдарысын бейбіт жолмен реттеуді және Минск келісімін қақтығысушы тараптардың толық орындауын дәйекті түрде жақтап келеді», - деді Н.Назарбаев.

Сонымен қатар Елбасы қазір барлық күш-жігерді халықаралық қатынастарда үнқатысуды, өзара түсіністікті және сенімді қалпына келтіруге жұмылдыру керектігін баса айтты.

«Сол үшін 2016 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық құқықтың арқаулық қағидаттарын бекітуге арналған жоғары деңгейдегі халықаралық конференциясын шақыруды ұсынамын», - деді Қазақстан Көшбасшысы.

Соңғы жаңалықтар