18:59, 24 Мамыр 2016 | GMT +5
Елбасы А.Ван дер Белленді Австрия Президенті болып сайлануымен құттықтады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Александр Ван дер Белленді Австрия Республикасының Федералдық Президенті лауазымына сайлануымен құттықтап, жеделхат жолдады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысы Қазақстан мен Австрия арасындағы достыққа негізделген өзара тиімді ынтымақтастық екі ел халқының игілігі үшін дами беретініне сенім білдірді.
Нұрсұлтан Назарбаев А.Ван дер Белленге мықты денсаулық, жауапты қызметіне табыс, сондай-ақ достас Австрия халқына бақ-береке тіледі.