Елбасы: Ағымдағы жылы Бурабай шипажай-сауықтыру аймағында экологиялық зертхана салуға кірісу керек

АСТАНА. 18 сәуір. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылы Бурабай шипажай-сауықтыру аймағында экологиялық зертхана салуға кірісу керек.
None
None

Бұл туралы бүгін Ақордада өткен «Назарбаев Университеті», «Назарбаев зияткерлік мектептері» және «Назарбаев қоры» жоғары қамқоршылық кеңесінің екінші отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

«Ағымдағы жылы Бурабай шипажай-сауықтыру аймағында экологиялық зертхана салуға кірісу керек. Міне бұл қызықты сияқты. Экологиялық зертхана немен айналысатын болады?», - деді Елбасы «Назарбаев Университеті» ААҚ атқарушы кеңесінің төрағасы Аслан Саринжиповке қарата.

«Осы аймақта өте көп экологиялық проблема бар. Біз облыспен жұмыс істеудеміз және біздің ғалымдар проблемаларды зерделеу, мониторинг жүргізу ісіне, қандай да бір шешімдер ұсынуға үлес қоса алар еді. Бұл суға да, биологиялық алуан түрлілікке де, басқа да ресурстарға да қатысты», - деді. А.Саринжипов.

Сонымен қатар оның атап өтуінше, онда ақпараттарды жинайтын, сараптама жасайтын, жалпы айтқанда халықаралық стандарттарға сай мониторинг орталығы болады.

«Егер бұл зертхана болжау, жердің, желдің, күннің жағдайы, технологияларды зерделеу мен климаттық ахуал, суды тиімді пайдалану, су тазалау, су балансы динамикасын зерттеу міндеттерін шеше алатын болса мұндайға баруға болады», - деді Н.Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар