Елбасы әлем мемлекеттерін Жаһандық реттеу пактісіне қосылуды ұсынды

АСТАНА. 3 мамыр. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты мәселелерді шешу үшін аграрлық секторды көтеруге бағытталған шаралары ынталандыру қажет.
None
None

Бұл ретте, әсіресе, қайта өңдеу шараларына баса назар аудару маңызды. Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбав елордада өтіп жатқан «Жаңа онжылдық: Болашақтар мен талаптар» атты IV Астаналық экономикалық форумында осындай пікір білдірді.

Президент өз сөзінде аталмыш міндеттер аясында индустриалды елдердің дамып келе жатқан мемлекеттерге дамыған нарыққа шығуларына қол ұшын созулары қажеттігін атап көрсетті. «Қаржылық нарықтарды басқару бөлігінде өндірістік құнды қағаздар нарығына баса назар аударған жөн. Жаңа әлемдік резервтік валюта - жаһандық деңгейдегі барлығымызға ұғынықты, ашық валюта жүйесін құруға мүмкіндік береді. Оның үстіне әлем мемлекеттерінің резервтері де біршама тұрақты бола түседі. Қорыта айтқанда, бұл шара болашақ экономикалық даму перспективаларын нығайта түсуге мүмкіндік тудырады»,-деді Президент.

Сондықтан да, яғни халықаралық деңгейдегі үйлестіру шарасын нығайта түсу үшін барлық елдерді Жаһандық реттеу туралы пактісіне қосылуды ұсынамын. «Бүгінгі таңдағы қалыптасқан мәселелерді шешуге бағытталған барлық әдістер - осы құжатта көрініс табуы керек. Бұл пакті - халықаралық экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын келісілген түрде жүзеге асыруға мүмкіндік береді»,-деді Елбасы.

Соңғы жаңалықтар