Елбасы ардагерлерге Ұлы жеңістің 70 жылдығын бірге қарсы алу үшін зор денсаулық тіледі

АСТАНА. 9 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Ұлы Жеңіс күніне орай Астанадағы Отан қорғаушылар монументіне гүл шоқтарын қойғаннан кейін БАҚ өкілдеріне сұхбат берген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ардагерлерге Ұлы жеңістің 70 жылдығын бірге қарсы алу үшін зор денсаулық тілейтіндігін жеткізді.
None
None

«Әйелдер де, ерлер де соғыс отынан мерт болмауы үшін адамдарға қамқор болу қажет. Бүгінде біз соғыстан жеткендей естілетін ақпараттарды естиміз, бірде Иракта, бірде Сирияда, бірде тағыда басқа жерде жарылыстар орын алады. Біздің елімізді Тәуелсіздік жылдары бойы бейбітшілік пен келісім орын алуда. Мұны сақтауымыз керек және оны өткен соғыстар да білдіреді», - деді Елбасы.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы барлық қазақстандықтарды мейраммен құттықтап, әрбір отбасыға бірлік-береке, ынтымақ тіледі. «Ардагерлерге біз Ұлы Жеңістің 70 жылдығын бірге атап өту үшін мықты денсаулық тілеймін», - деді Н.Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар