Елбасы: Ассамблея елдіктің өлшемі, тұрақтылықтың тұтқасы бола алды

АСТАНА. 24 сәуір. ҚазАқпарат - Ассамблея елдіктің өлшемі, тұрақтылықтың тұтқасы бола алды. Бүгін Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында «Қазақстан - 2050» cтратегиясы: бір халық - бір ел - бір тағдыр» тақырыбымен өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясында сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.
None
None

«Қасиетті қазақ жерін татулықтың төл иесі деп бейбітшілікке бөлеген Қазақстан халқы Ассамблеясы биыл кәмелетке толды. Ел тәуелсіздігінің ең жауапты кезеңінде бірлігіміздің бастауы болып, қолымызбен құрған Ассамблеяның өмірге келгеніне он сегіз жыл болды. Осы аралықта ол өзінің өміршеңдігін көрсетіп, біздің бейбіт қоғамның ажырамас бөлігіне айналды. Елдіктің өлшемі, тұрақтылықтың тұтқасы бола алды» деп сөз бастаған Мемлекет басшысы Ассамблеяның мерейтойлық ХХ сессиясының тақырыбына да тоқталып өтті.

«Кезінде тағдырдың жазуымен қасиетті қазақ даласына сан түрлі ұлт өкілдері қоныс тепті. Бүгінге олар тегі басқа болғанымен теңдігі бір, қаны бөлек болғанымен жаны бір, арманы ортақ біртұтас халыққа айналды. Туған елінің туының астында бірігіп, туған жердің тұғырын биік етуге бел шешкен азаматтарды бір тағдыр күтеді әр уақытта. Осылай елдігіміздің ертеңі ошақтың ұштағаны секілді «бір халық, бір ел, бір тағдыр» деген үш сөзге сыйып отыр», деді Н. Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар