Елбасы Ассамблея жанынан Достық үйлері директорларының республикалық әдістемелік кеңесін құруды тапсырды
«Бұл кеңесте осы бағыттағы жұмыс тәсілдерінің ең үздігін, ең тиімдісін тартып, дариялап отырулары керек. Мәдениет және ақпарат министрлігі Ассамблея Хатшылығы кеңесімен бірлесе отырып, Достық үйлері жұмысының тұжырымдамасын әзірлеп, бекітсін. Олардың бейбітшілік пен келісімнің өңірлік орталығы ретіндегі құқықтық мәртебесін айқындау қажет», - деп атап өтті Н. Назарбаев.
Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Ассамблеяның жұмысы әрбір қазақстандыққа, оның ішінде еліміздің әр жасына жетуі тиіс екеніне де тоқталды. «Жастарды Ассамблеяның барлық деңгейдегі жұмыстарына, қоғамдық келісімді қалыптастыру шараларына барынша тартқан маңызды. Ең бастысы әкелеріміз бізге қалдырған өзара түсіністік, толеранттылық пен достық ұғымын балаларымызға, немерелерімізге жеткізу біздің парызымыз. Ал осы үдеріске қатысқан жастар өзін-өзі тәрбиелеп шығады», - деді Н. Назарбаев.