14:14, 24 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Елбасы Астанада ашылған «Азия Парк» сауда-ойын-сауық орталығында болды
А. Желтоқсанның 24-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елордада жаңадан ашылған «Азия Парк» сауда-ойын-сауық орталығында болды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Астананың сол жағалауында орналасқан аталған орталықта азық-түлік супермаркеті, 5 залды мультиплекс, отбасыға арналған ойын-сауық орталығы, балалар универмагы, әмбебап дүкен, сондай-ақ 168 операторға сауда галереясы жасақталған. Нысанның жалпы аумағы 45 525 шаршы метр. Оның аумағында жер асты және жер үсті автотұрақтары орналасқан. Жобаның жалпы сметалық құны 8 млрд. теңгеге жуық қаржыны құрайды. Нысанның басты мердігері «Далат-Құрылыс Групп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.