Елбасы Астанадағы «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығының құрылыс барысымен танысты

АСТАНА Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының сол жағалауында бой көтеріп жатқан «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығының құрылыс барысымен танысты,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

133 мың шаршы метр аумақта салынып жатқан нысанның биіктігі 150 метр. Бүгінгі күнге дейін ғимарат күмбезінде 836 EТFE этилфлор этиленді пленка ұяшығының 801 орнатылды. Құрылысқа 1 мыңнан астам жұмысшы тартылды. Кешенді 2010 жылы мамыр айында пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Құрылыс бастығы Селчюк Гергюнның айтуынша, "Хан Шатыр» орталығы барлығы 7 қабаттан тұрады. Оның ең жоғары қабатындағы аквасаябақта 2 олимпиадалық бассейн және жағажай орналасқан. Тереңдігі 160 см болатын бассейннің жағажайына төселетін құм арнайы шетелден әкелінген. 6-шы қабатта Фитнес орталығы, одан төменгі қабатта SРА салондары мен түрік моншалары, 4 секторда Фастфуд және балаларға арналған ойын алаңдары, одан кейінгі екі қабатта дүкендер мен кино залдар орналасатын болса, орталықтың жер астындағы бөлігінде автотұрақ орын теппек.

Соңғы жаңалықтар