Елбасы Астанадағы Успенск кафедралды шіркеуінде барша қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады

АСТАНА. 5 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елордадағы Успенск кафедралды шіркеуінде болып, барша қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады.
None
None

«Құрметті отандастар! Бүгін барша православ әлемі маңызды мереке - Пасханы атап өтуде. Пасха өрлеуді, жаңаруды білдіреді және бұл сонымен қатар жаңа мемлекетке айналып, өрлеп келе жатқан біздің мемлекетімізді бейнелейді. Елімізде түрлі этностар мен діни сенім нанымы өзге адамдар тату-тәтті өмір сүруде. Барша қазақстандықтардың бірлігі мен сенімінің арқасында біз өзіміздің және балаларымыздың әл-ауқатын жақсартып, тыныш өмір сүре аламыз», - деді Елбасы.

Соңғы жаңалықтар