21:19, 17 Сәуір 2011 | GMT +5
Елбасы астаналық жаңа опера және балет театрының құрылысы барысын аралап көрді
АСТАНА. 17 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев астаналық жаңа опера және балет театрының құрылысы барысын аралап көрді, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.
Қала әкімі И.Тасмағамбетов Президентке жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді. Театр жобасы классикалық үлгіде орындалған. Көрермендер залы 1250 адамға есептелген. Сахна алаңы - 768 шаршы метр. Жаңа театр Орталық Азиядағы ең үлкені болмақ.