Елбасы Атырауда металл-пластик құбырларын шығаратын зауытта болды

ЫРАУ. 17 қыркүйек. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Бүгін Атырау облысында жұмыс сапары жалғасып жатқан ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әртүрлі диаметрлі металл-пластик шығаратын зауытта болды.
None
None

Зауыт құрылысын «Шеврон» компаниясы ағымдағы жылғы ақпан айында аяқтаған болатын. Оның қуаты - жылына 2 мың тонна құбыр. Жоба құны - 15,5 млн. доллар. Кәсіпорында металл-пластиктен әртүрлі диаметрдегі құбыр шығарылады, онда 137 адам жұмыс істейді.

Президентке баяндалғандай, зауыт Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынды. Бұл - Қазақстандағы осындай өнім шығаратын алғашқы өндіріс. Бүгінде мұндай құбырларды еліміз Түркиядан, Қытайдан, Ресей Федерациясынван сатып алуға мәжбүр. Мұндай өндірістер көршілес Орталық Азия елдерінде де жоқ, сондықтан да өнім ішкі нарыққа ғана емес, сыртқы нарыққа да бағытталған.

Алғашқы кезеңде екі желі жылына диаметрі 12-ден 40 миллиметрге дейінгі 2 мың тонна құбыр шығара алады. Жобада - үшінші желіні іске қосу тұр. Оны құрастырғаннан кейін диаметрі 110 миллиметрге дейінгі құбырлар шығарылады, сонда зауыт өнімділігі де жылына 3 мың тоннаға дейін артады.

Өндірістік желілер Германиядан сатып алынған, неміс технологиясы қолданылады.

Соңғы жаңалықтар