Елбасы Батыс Қазақстан облысындағы су тасқынынан зардап шеккендерге де бір кісідей көмек көрсету қажеттігін еске салды

АНА. 18 сәуір. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін Астанадағы Бейбітшілік пен келісім сарайында өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының 17-нші сессиясында Елбасы, Ассамблея Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Батыс Қазақстан облысындағы төтенше апаттан жапа шеккендерге бір кісідей көмек көрсетуге үндеді.
None
None

«Біз көмек пен қолдауды қажет ететіндердің баршасына қол ұшын соза білуіміз керек. Сонда ғана барлық қазақстандықтардың бауырластығы нығайып, ағайындығы күшейе түседі. Осы тұрғыда өткен жылы су тасқынынан адамдар қаза болған кешегі Қызылағашты еске алайықшы. Шығыс Қазақстан облысындағы қайғы әрбір қазақстандықтың жанын тебірентті. Бұған үнқатысып, адамдар жұмыла, біріге білді. Соңғы сайлауда да сондай. Бұл біздің бір үйдің баласы екенімізді, Қазақстан ортақ үйіміз екендігін көрсетеді», - деді Президент. Сонымен қатар, Елбасы тек Ассамблея мүшелерінің өзі ғана жоғарыдағы қасіреттер бойынша 47 млн. жеке қаражаттар аударғанын айтты. «Бұл әрине, соншама көп қаражат болмауы мүмкін, алайда орын алып отырған фактінің, бірлесе білудің өзі маңызды. Қазіргі күні осындай қолдау су тасқынынан зардап шегіп жатқан Батыс Қазақстан облысының тұрғындарына қажет. Бұны да «Нұр Отан» партиясымен бірлесіп жүзеге асырып, көмек қажет ететін әрбір азаматқа қолдауды білдіре білуіміз керек», - деді Н. Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар
Референдум