Елбасы бірқатар әскерилерге және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне мемлекеттік наградаларды тапсырды

«Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы мерекесі жылында Сіздер осындай марапатқа ие болып отырсыздар. Өз қызметтеріңізбен, атқарған жұмыстарыңызбенен осындай дәрежеге жетіп отырсыздар. Сондықтан осы марапаттарыңызбен сіздерді шын жүректен құттықтаймын»,-деді Президент мемлекеттік наградаларды салтанатты тапсыру рәсімінде.
Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Қорғаныс министрлігі бойынша ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен Құрбан Қаражанов, ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен Төлеген Доламбаев, Марат Жүсіпов, Ризат Қолпашев, Дәурен Қосанов, Евгений Массалимов, ал «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен Марат Ботин және Айбол Сапаров марапатталды.
Ал ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті бойынша ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен Денис Бартенев, Тұрғанбек Стамбеков, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен Арман Қалиев марапатталды.
Сонымен қатар Республикалық гвардия бойынша I дәрежелі «Айбын» ордені Қайролда Сайрановқа, ІІ дәрежелі «Айбын» ордені Қайрат Жанпозовқа тапсырылды.
ҚР Президенті күзеті қызметі бойынша ІІ дәрежелі «Айбын» ордені Руслан Тохтамовқа, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалі Андрей Куликовқа берілді.
Ішкі істер министрлігі бойынша ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен Нұрлан Қоқанов, «Ерлігі үшін» медалімен Азамат Қазыбаев марапатталды. Мұнымен қоса Төтенше жағдайлар министрлігі бойынша ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен Қанат Өмірқұлов, «Ерлігі үшін» медалімен Біржан Тәшенов марапатталды.