Елбасы бірқатар соғыс ардагерлерін және күш құрылымдардың қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттады

АНА. Мамырдың 7-сі. ҚазАқпарат. /Ернұр Ақанбай / - Бүгін мамырдың 7-сі - Отан қорғаушылар күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада бірқатар соғыс ардагерлерін және күш құрылымдардың қызметкерлерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ардақты ардагерлер, сардарлар мен сарбаздар! Бүгін біздің елімізде Отан қорғаушылар күні және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығы келе жатыр. Осы қос мерекемен Сіздерді құттықтаймын», деді Президент мемлекеттік наградалармен марапатталғандарға қаратып айтқан сөзінде.

«Менің Жарлығыммен осыдан 18 жыл бұрын Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрылған болатын. Біз тәуелсіздігіміздің таңы жаңадан атып келе жатқан кезде ұлттық армиямызды жасақтадық. Содан бері осы күнге дейін екі мейрам дәстүрге айналды. Мен бүгін мереке күніне орай елімізге еңбегі сіңген адамдарды мемлекеттік наградалармен марапаттауды жөн көрдім. Жоғары марапат иелерін шын жүректен құттықтаймын», деді Н. Назарбаев.

Елбасының айтуынша, өзінің Жарлығына сәйкес мемлекеттік наградаларға 356 адам лайықты деп танылған. Өкінішке қарай, олардың ішінде өмірден озғаннан кейін мараптталғандары бар. «Қазіргі күннің әскерлері әскери тапсырманы орындай отырып, құқық тәртібін қорғай отырып, бейбіт заманда батырлық көрсетуде. Олар тәуелсіз Қазақстанның қорғаныс қабілетін нығайтуға зор үлес қосуда», деді Президент.

Мемлекет басшысының Жарлығымен «Құрмет» орденімен Шапағат Әлбазаров (соғыс ардагері, Алматы қаласы), Мұхтар Әжіғұлов (соғыс ардагері, Орал қаласы), Қазыбек Әлжапаров (соғыс ардагері, Қостанай қаласы), Қабеш Бекенов (соғыс ардагері, Қарағанды қаласы), Қадыр Хайсин (соғыс ардагері, Орал қаласы), Бейсенбек Игісінұлы (соғыс ардагері, ОҚО), Бақыт Қуанышев (соғыс ардагері, Атырау қаласы), Бөрібай Құлманов (соғыс ардагері Қызылорда қаласы), Темірбек Набин (соғыс ардагері Астана қаласы), Виктор Нечаев (соғыс ардагері, Ақтау қаласы), Өкен Нұрғожаев (соғыс ардагері, Алматы облысы), Қабдеш Норкин (соғыс ардагері, Павлодар қаласы), Жамалбек Нұрмаханбетов (соғыс ардагері, Жамбыл облысы), Дмитрий Парамыгин (соғыс ардагері ШҚО), Зұлхарий Сейітов (соғыс ардагері, Алматы қаласы), Илья Старчак (соғыс ардагері, СОҚ), Тілеуқабыл Төребеков (Жамбыл облыстық ардагерлері кеңесінің төрағасы), Федор Чемоданов (соғыс ардагері, Ақтөбе қаласы) марапатталды.

(Ерен еңбегі үшін» медалімен Сейдахмет Әбдірасылұлы (соғыс ардагері, Алматы облысы), Николай Волков (соғыс ардагері, Павлодар қаласы), Ғаббас Есімханов (соғыс ардагері ШҚО); ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен Әлихан Жарболов, ҚР Қорғаныс министрлігі «Оңтүстік өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы, ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен Игорь Белин ҚР Қорғаныс министрлігі Әскери әуе күштерінің ұшқышы - аға инспекторы, Вадим Голубятников ҚР Қорғаныс министрлігі 19132 әскери бөлімінің командирі, Бахтияр Құрамысов Алматы облысы, Жамбыл ауданы Ішкі істер бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі бөлімшесінің бастығы, Дәулет Оспанов ҚР Қорғаныс министрлігі Аэроұтқыр әскерлері қолбасшысының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары - басқарма бастығы, Асылхан Сағанаев Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының орынбасары - ҚР Қарулы күштерінің қару-жарақ басқармасының бастығы марапатталды.

Ал үшінші дәрежелі «Айбын» орденін Шоқан Дәулетов ҚР Қорғаныс министрлігі 44853 әскери бөлімінің механик жүргізушісі, кеудесіне тақты.

«Ерлігі үшін» медалімен Петр Васенко ҚР Қорғаныс министрлігі 10810 әскери бөлімі артиллериялық дивизионы артиллериялық батареясының аға технигі, Мақсат Жұмаділов ҚР Қорғаныс министрлігі 10810 әскери бөлімінің механик жүргізушісі, Арман Қалиасқаров ҚР Қорғаныс министрлігі 10810 әскери бөлімінің тылдық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы - бригада командирінің тыл бойынша орынбасары, Бектұр Сәкенов Қызылорда қаласының ішкі істер басқармасы патрульдік полиция батальонының полицейі марапатталды.

Соңғы жаңалықтар