Елбасы бизнес пен халықты қазақстандық банктермен тығыз жұмыс істеуге шақырды

АСТАНА. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің бірінші жалпы отырысы барысында Мемлекет басшысы Н. Назарбаев бизнес пен жалпы халықты өзіміздің, қазақстандық банктермен тығыз жұмыс істеуге шақырды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстандық банктер 2020 стратегиясын жүзеге асыруға жәрдемдесу үшін кәсіпкерлерге тиімді жағдайды жасауды қолға алуы шарт. Мен банктердің қиын жағдайдағы кәсіпкерлерді салмақты түрде қолдайтындығына сенім артамын. Мемлекет банктерге үлкен қолдау жасап келеді, әлі де ондай шаралар жүзеге асатын болады. Ендігі күні банктер де пайыздық ставкаларды түсіруге қатысты шаралар қабылдауы, жеңілдіктерге қатысты басқа да жұмыстарға кірісуі керек», деді Елбасы.

Сонымен бірге, Президент барлық бизнес қауымдастыққа, барша қазақстандықтарға үндеу жасады. «ТұранӘлемБанкі» басшылары «ұры» боп шыққанын еліміздің басқа банктеріне де жабуға болмайды. Қазір Қазақстанның банктік жүйесі сауықты. Бұл бағытта мемлекет қатаң қадағалау жасап отыр. Сондықтан ендігі күні өзіміздің банктерге деген сенімін арттыру қажет. Өйткені, біздің банктерде қазір жақсы азаматтар қызмет етіп отыр. Сол үшін банктерге сену керек және солармен жұмыс істеу қажет», деді Президент.

Соңғы жаңалықтар