Елбасы чех компанияларын Қазақстанның инфрақұрылымдық жобаларымен таныстырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада өткен Қазақстан-Чехия бизнес-форумында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев чех кәсіпкерлерін Қазақстанның болашақтағы инфрақұрылымдық жобаларымен таныстырды.
None
None

"Қазақстан инфрақұрылымды инвестициялауды жалғастыра отырып, инвесторларға барлық жағдайды жасауда. Елімізде ерекше режімде жұмыс істейтін 10 арнайы экономикалық аймақ құрылды. Естіген боларсыздар, мен 11 қарашада Қазақстан халқына жаңа экономикалық саясат туралы Жолдауымды жарияладым, ол "Нұрлы жол" деп аталды. Менің пікірімше, әлемдегі және біздің еуразиялық субқұрлығымыздағы, Украинадағы мәселелерге байланысты Еуропадағы күтілген экономикалық дамуға қол жеткізілмеді. Халықаралық валюта қоры экономиканың құлдырағанын анықтады. Ресейдегі жағдай да оңай емес. Сондай-ақ АҚШ экономикасы да бұрынғыдай болмай тұр. Біз барлығының жағдайы жақсы болғанын қалаймыз. Дегенмен дағдарыс әлі біткен жоқ, керісінше жаңа проблемалар да бас қылтитып келе жатыр деп ойлаймын. Сондықтан мен жаңа экономикалық бағдарлама жарияладым. Келесі 3 жылда Қазақстанда Астанадан шығысқа, оңтүстікке, солтүстікке апаратын негізгі магистральдік жолдарды, сондай-ақ сол жолдардың бойындағы құрылымдарды салуға арналған көлемді инвестициялық жобалар жүргізіледі. Біздің жеріміз өте кең. Ол кезінде Кеңес одағының шикізат көзі болған. Сондықтан барлық жолдар тек солтүстікке қарай салынған. Ел ішінде жолдар жүйесі болмаған. Сол себепті біз тәуелсіздік жылдарында қиындықтарға қарамастан, 2500 шақырым темір жол, 30 мың шақырым шамасында автокөлік жолдарын салдық. Бірақ бұл аздық етеді. Біз болашақта қазіргі елорда мен бұрынғы елорда арасында 1000 шақырымдық хай-вэй салғымыз келеді. Сондай-ақ батысқа қарай - Каспий теңізіне дейін, шығысқа қарай - Қытай шекарасына дейін, солтүстікке қарай - Ресей шекарасына дейін де осындай жолдар салуды жоспарлаудамыз. Осылардың ішінен қайсысы іске асып жатыр? 8 мың шақырымдық "Батыс Қытай - Батыс Еуропа" автокөлік жолы Тынық мұхитынан Амстердамға дейін барып, жүк тасымалы мерзімін теңіз жолы арқылы тасылатын 45 күннің орнына 2 аптаға дейін қысқартады. Осы жолдың 2700 шақырымы Қазақстан арқылы өтеді. Біз оның құрылысын келесі жылы бітіреміз", - деді Мемлекет басшысы.

Осы және басқа да ірі жобаларды айта келіп Президент Қазақстанның болашақта Еуропа мен Азияны байланыстыратын көпір болатынын баса айтты. Сонымен қатар Қазақстанның да, Чехияның да құрлықтың ортасындағы мемлекеттер екенін, сондықтан халықаралық маңыздағы жолдарға шығу үшін инфрақұрылымды жан-жақты дамыту қажет екенін алға тартты.

Соңғы жаңалықтар