Елбасы елдің серпінді дамуын қамтамасыз ететін стратегиялық бағдарды әлем лидерлерінің алды болып ұсынды - Б.Байбек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Жолдауы - ел мүддесі мен ұлт мұраты үшін дәл уақытында жасалған ұтқыр қадам. Бұл туралы бүгін «Қазақстан-2050» демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясының отырысында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек айтты.
None
None

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатын жариялаған биылғы Жолдауы ел мүддесі мен ұлт мұраты үшін дәл уақытында жасалған ұтқыр қадам. Елбасымыз атап өткендей, жаһандық геосаяси тұрақсыздық, даму қарқынының төмендеуі әлемнің озық 30 елінің қатарына қосылуды мақсат еткен еліміз үшін айрықша талаптар қоюда. Қазақстан Президенті ғаламдық тығырықтан елді аман сақтап, оның алдағы уақытта серпінді әрі толассыз дамуын қамтамасыз ететін нақты стратегиялық бағдарды әлем лидерлерінің алды болып ұсынды»,- деді ол.

Б.Байбектің атап өтуінше, 90 жылдарғы азиялық дағдарыс, 2007 жылғы әлемдік қаржы дағдарысы кезінде Мемлекет басшысының ұтымды іс-қимылының арқасында еліміз қиындықтарға лайықты төтеп берді. Сол тұста әлемде даму қарқыны тежеліп, жаппай жұмыссыздық, әлеуметтік толқулар етек алғанда Қазақстанда жол картасы жобасының арқасында азаматтарымыз мыңдаған жұмыс орындарына ие болды. Жер-жерде елге қажет әлеуметтік нысандар жөндеуден өтті.

«Еліміз дағдарысты еңсеріп қана қоймай, дамуға бет алып, бұрын-соңды болмаған индустриалды-инновациялық бағдарламаны жүзеге асыруға кірісті», - деді партия Төрағасының бірінші орынбасары.

Соңғы жаңалықтар