Елбасы еліміздегі мотор майларын шығаратын жалғыз зауыттың жұмысымен танысты -Шымкент
«HILL Corporation» ЖШС-нің кәсіпорны үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында салынған. Ол мотор майларының барлық түрін шығаруға қабілетті. Зауыттың жылдық қуаты - 70 мың тонна өнімді құрайды.
«Бүгінгі күнге дейін Қазақстан мотор майларын шетелден сатып алып келген болатын. Республиканың майлау материалдарына деген сұранысы жылына 400 мың тоннаны құрайды, біз осы сұраныстың 25-30 пайызын жабатын боламыз. Импорталмастыру сомасы жарты миллиард доллардан асады»,- дейді «HILL Corp.» компаниясының атқарушы директоры Бахадыр Сайдуллаев.
Зауыт жетекші технологиялар бойынша салынған, өндірістік циклды мұнай химиясы ғылымының соңғы жетістіктерімен жарақталған сынақ зертханасы бақылайды.