Елбасы елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында қойылып жатқан «Корсар» балетін тамашалады

А. Желтоқсанның 26-сы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында қойылып жатқан «Корсар» балетін тамашалады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, балет үш акті, пролог және эпилогпен Дж. Байрон поэмасы бойынша Ю. Григоровичтің редакциясымен қойылуда. Спектакльде Д. Пуни, Л. Делиба, Р. Дриго секілді композиторлардың музыкасы қолданылады.

«Корсар» балеті алғаш рет Париждің үлкен операсының сахнасында 1856 жылы  көрсетілген болатын. Екі жылдан кейін ол Петербургтегі үлкен театрда қойылды. Аталған балеттің авторлары-либреттистер А, Сен-Жорж және Ж. Мазилье, композитор Адольф Адан. Ресейде балетті танымал хореограф Ж. Перро сахналады, ал кейіннен оны М. Петипа жаңартты. Өнер сүйер қауымның пікірінше, балет өзінің өміршеңдігімен ерекше, өйткені онда теңіз қарақшылары секілді экзотикалық кейіпкерлер қатысуда.

Юрий Григоровичтің «Корсар» балетінің хореографиялық жаңа редакциясы арнайы К. Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры үшін М. Петипаның  композициясы негізінде жасалған.

 «Корсар» балетіне К. Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының танымал солистері қатысты. Атап айтқанда, онда Халықаралық балет әртістері конкурсының дипломанттары Жандос Әубакіров пен Рүстем Сейітбеков, ҚР  Еңбек сіңірген қайраткері Гүлфайрус Құрманғожаева, Халықаралық фестивальдің лауреаты Айжан Мұқатовалар кейіпкерлердің рөлін сомдады.

Соңғы жаңалықтар