11:02, 09 Мамыр 2013 | GMT +5
Елбасы елордадағы Отан қорғаушылар монументіне гүл шоқтарын қойып, Ұлы Отан соғысында қаза болған жауынгер қазақстандықтарды бір сәт үнсіздікпен еске алды
АСТАНА. 9 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елордадағы Отан қорғаушылар монументіне гүл шоқтарын қойып, Ұлы Отан соғысында қаза болған жауынгер қазақстандықтарды бір сәт үнсіздікпен еске алды.

Сондай-ақ, гүл шоқтарын қою рәсіміне Ұлы Отан соғысының ардагерлері, ҚР Президенті әкімшілігінің, ҚР Үкіметінің, ҚР Парламентінің, Орталық мемлекеттік органдарының, дипломатиялық корпустардың, «Нұр Отан» ХДП-ның өкілдері және қала жұртшылығы қатысты.
Ресми рәсімнен кейін ҚР Республикалық үрмелі аспаптар оркестері еліміздің әнұранын орындады. Осыдан кейін Құрметті қарауыл ротасы ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысының және Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің алдында салтанатпен сап түзеп жүріп өтті.