17:23, 07 Мамыр 2010 | GMT +5
Елбасы елордалық ардагерлерге пәтер кілттерін және Жеңістің 65 жылдығы мерейтойлық медальдарды табыс етті
АНА. Мамырдың 7-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін, мамырдың 7-де Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік сарайында 16 елордалық ардагерге Астанада қаласында пәтер кілттерін және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығы мерейтойлық медальдарды табыс етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Сіздер сол сұрапыл жылдардағы барлық ауыртпалықтарды мойындарыңызбен көтердіңіздер және еңбектеріңізді жалғастырып, Қазақстанды қалыптастыруға, мемлекетті дамытуға орасан зор үлес қостыңыздар», деді Н. Назарбаев салтанаты рәсімде ардагерлерге қаратып айтқан сөзінде.
Елбасы ардагерлердің соғыстың отты жылдарынан аман-есен өтіп, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуының куәгерлері болғандарын айта келе: «Сіздер қазіргі таңда ұлдарыңыз бен қыздарыңыздың қызығын көріп, жемісін жеп отырсыздар», деді.
Мемлекет басшысы ардагерлермен бірге Тәуелсіздік сарайында өткен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына арналған концертті тамашалады.