Елбасы еңбек мамандықтарын қайта беделді етуге шақырады - «АрселорМиттал Теміртау» АҚ кеншісі М. Жампейісов

Бір апта бойы облыстың бастауыш партиялық ұйымдарында 527 жиын өтті.
Мәселен, бүгін Шахтинск қаласының «АрселорМиттал Теміртау» АҚ «Қазақстан» шахтасында бастауыш партиялық ұйымның жиыны өтті, онда ҚР Президенті Н. Назарбаевтың мақаласы талқыланды. Шахтерлар өз пікірлерін ортаға салып, Елбасының бастамаларын іске асыруға дайын екендіктерін жеткізді.
Кездесу барысында шахтерлар «Нұр Отан» партиясы әрдайым еңбек жұмысшыларын қолдап отыратындығын айтты. Партиялықтардың белсенді қызметтері арқасында халық үшін игі істер атқарылуда.
Айта кетейік, «Қазақстан» шахтасы Қарағанды облысы Шахтинск қаласының жүйе құрушы кәсіпорындарының бірі болып табылады.
Қазіргі уақытта шахтада 1659 адам жұмыс істейді, жобалық өндіру жылына 1 450 000 тонна көмірді құрайды.