Елбасы энергиясақтаушы жабдықтарды жеткізу мен суды тазалау жүйесіне қызмет көрсететін «Эргономика» ЖШС-де болды

АСТАНА. 4 мамыр. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қарағанды облысына жұмыс сапары жалғасуда, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.
None
None

Президент энергиясақтаушы жабдықтарды жеткізу мен суды тазалау жүйесіне қызмет көрсететін «Эргономика» ЖШС-де болды. Мемлекет басшысы кәсіпорында шығарылатын өндірістік жабдықтармен және өнімдермен танысты.

Қазіргі уақытта «Эргономика» ЖШС «Энергиясақтау технологиясын енгізу» жобасын іске асыруда. Бұл жобаның негізгі бағыттары жылу жүйесін әзірлеу, дайындау, монтаждау және сервистік қызмет көрсету, автоматтандырылған жылу пункттері мен сорғы стансаларын, энергиясақтаушы технологияны қолдана отырып, ғимараттар мен құрылыстарды салқындату болып табылады. Жабдықтаудың ілкі жобасы Қарағанды қаласындағы алты үйде қолданылуда.

Соңғы жаңалықтар