19:15, 13 Шілде 2013 | GMT +5
Елбасы Франция Президентіне теміржол апатына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады
АСТАНА. 13 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Франция Президенті Франсуа Олландқа Бретиньи-сюр-Орж вокзалында болған теміржол апатына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
Онда Мемлекет басшысы Эссон Департаментіндегі қайғылы жағдай туралы жайсыз хабарды күйзеле қабылдағаны атап өтілген.
«Қазақстан халқының және жеке өз атымнан Сізге және қаза болғандардың туған-туыстарына, сондай-ақ барша француз халқына шын ниетпен қайғырып көңіл айтамын. Осындай қиын кезде сабырлылық пен төзімділік тілеймін. Апаттан зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуіне тілектеспін», - делінген жеделхатта.