Елбасы Францияға жұмыс сапарымен барады

 АСТАНА.  19 қараша. ҚазАқпарат - Елбасы Францияға жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы бүгін елордада өткен брифинг барысында  ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникация қызметінің ресми  өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.
None
None

«21-23 қарашада Мемлекет басшысы Францияға жұмыс сапарымен барады. Сапар барысында Қазақстан Президенті Франция Республикасының Президенті Француа Огландпен келіссөздер жүргізеді»,-деді ол.

Ресми өкілдің атап өтуінше, Ф. Огланд осы жылдың маусымында өткен Президенттік сайлауда жеңіске жеткеннен кейін ҚР Президентімен алғаш рет кездескелі отыр.

Жұмыс сапары барысында Елбасы көрнекті саяси қайраткер, Еуропа қайта құру және даму банкінің бұрынғы президенті Жак Атталимен, сондай-ақ Францияның алдыңғы қатарлы іскер топтарының өкілдерімен де кездеседі.

Айта кетейік, өткен жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 6 млрд. 100 млн. АҚШ долларына жетті. Бұл 2010 жылдың көрсеткішінен 20 пайызға артық. Елімізде француз капиталының қатысуымен 100-ден астам бірлескен компания тіркелген, ел экономикасына 1994 жылдан бері 9 млрд. АҚШ долларынан асатын тікелей инвестиция құйылған.

 

Соңғы жаңалықтар