Елбасы Халықаралық қаржы корпорациясының басшысымен жеке секторды дамытудағы ынтымақтастықты талқылады

НЬЮ-ЙОРК-АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Нью-Йорк қаласында Халықаралық қаржы корпорациясының атқарушы вице-президенті Цзин-Юн Каймен кездесті.
None
None

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады. Кездесу барысында жеке секторды дамыту және инвестиция салу саласындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары талқыланды. Тараптар Қазақстанның орнықты дамуды қамтамасыз ету және шетелдік инвесторларға қолайлы жағдай жасау мақсатында қабылдап жатқан шараларының тиімділігіне де айрықша назар аударды. Дүниежүзілік банк құрылымына кіретін Халықаралық қаржы корпорациясы дамушы елдер нарығына арналған инвестицияларды басқару мақсатында құрылған.

Соңғы жаңалықтар