08:02, 13 Наурыз 2009 | GMT +5
Елбасы халықты бірлікке бағыттауда - Жолдау жүктеген міндеттер
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Наурыздың 13-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Елбасының дағдарысқа қарсы нақты жоспарларды талдап көрсеткен Жолдауы ешкімді бей-жай қалдырған жоқ.
Бұл құжат барша қазақстандық қоғамның және еліміздегі әрбір жеке азаматтың мүддесіне қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жамбылдық құқық қорғау органдарында 20 жылдай еңбек етіп, ұзақ жылдар бойы облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметін басқарып отырған Роза Қалдыбекова ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында «маған Елбасымыз өз Жолдауында бүгінгідей күрделі кезеңде халқымызды бірлікке бағыттауы ұнады»,- деді. «Алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін, халқымыздың бірлескені қажет. Сондықтан да барша қазақстандықтарға аталған шараларды жүзеге асыруға кірісуге, еңбекқорлық пен табандылық танытуға, ұсынақты болуға, жақындарыңа, көмекке мұқтаж адамдарға көмектесуге және қамқорлық жасауға шақырамын», - делінген Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауында.«Сөзімді құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне арнаймын. Біздің қала көшелері мен ауылдардағы тыныштық сіздерге байланысты. Қылмыспен, сыбайлас жемқорлықпен, алаяқтықпен, заңдардың бұзылуымен табанды да қатал күрес жүргізу керек. Осы қиын кезде біздің азаматтардың, бүкіл қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бәрін де істеу керек», - деп атап көрсетті Елбасы өз сөзінде.Еліміздің экономика заңдары бойынша қайталанбай қоймайтын дағдарыстардан абыроймен шығатынына мен сенемін. Елбасы айтқандай, бізге дағдарыстарды басқаруды үйрену керек, еліміздің басшылығы солай етуде, - дейді полиция полковнигі Роза Қалдыбекова.