Елбасы халықты жақсылыққа бастайтын нұрлы жолға бағыттағанына нық сенімдімін - Э. Рысқалиева

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Елбасы дұрыс жол тауып, халықты жақсылыққа бастайтын нұрлы жолға бағыттағанына нық сенімдімін». Бұндай пікірді Жапон Қорының Жапон тілі институтының тағылымдамашысы Элеанора Рысқалиева айтты.
None
None

«Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев жылдағы тәуелсіз, егеменді еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған жаңа жолдарынан, бәсекеге қабілетті елдер қатарына кіруге айқын мақсаттардан, нақты бағдарламадан тұратын Жолдауы Қазақстан халқы үшін маңызды құжат болып келеді.

Биыл да Елбасының кезекті «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Жолдауында шағын және орта бизнесті, сондай-ақ, ірі кәсіпкерлікті жеңілдікпен несиелеуге, жаңа инвестициялар тарту үшін тиісті жағдайларды жақсартуға, «ЭКСПО-2017» қарсаңында Астананың көліктік инфрақұрылымын дамытуға қажетті қаражаттың бөлінуін айтта өтті.

Жол - шын мәнінде өмірдің өзегі, байқуатты тірліктің қайнар көзі. Барлық аймақтар теміржолмен, тасжолмен, әуе жолымен өзара тығыз байланысуы керек екендігімен толық келісемін. Көліктік-логистикалық инфрақұрылымдарды дамыту жөніндегі бағдары халықтың әл-ауқатын, облыстардың жаңа серпін, экономикалық даумына өз үлесін қосатына сенімдімін.

Көліктік-логистикалық инфрақұрылымдарды дамыту, энергетикалық инфрақұрылымдарды дамыту, ТКШ мен су және жылумен қамтамасыз ету желілері инфрақұрылымдарын жаңғырту, тұрғын үй инфрақұрылымдарын нығайтуы бойынша Үкімет алдына нақты тапсырмалар қойды.

Сондай-ақ, Елбасы Н.Ә.Назарбаев жыл сайын өз Жолдауында халқының әл-ауқатының өсуі мен тұрмыс деңгейінің жақсартуына айрықша назар аударып келеді. Осы Жолдауда әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамытуына тоқталып, үш ауысымда оқыту проблемаларын шешу, мектепке дейінгі мекемелерде орындар тапшылығын түбегейлі қысқартуды, және болашақ жастардың білім деңгейін арттыру мақсатында 10 жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық базасын қалыптастыруды тапсырды.

Бүгінде Қазақстан жүз отыздан астам этнос өкілдерінен тұратын 17 миллионан асатын халқы бар мемлекетке айналды. Елбасымыз жүргізіп отырған көреген саясатының арқасында тәуелсіз елімізде сенімі мен көзқарасы әралуан сан ұлт пен ұлыстың, мақсат-мүдделері ортақ, тату-тәтті, береке бірлікте өмір сүруде. «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады», - демекші, барша әлем дағдарыстан айыға алмай, геосаяси жағдайдың күрделену жағдайында Елбасы дұрыс жол тауып, халықты жақсылыққа бастайтын нұрлы жолға бағыттағанына нық сенімдімін», - дейді Э. Рысқалиева.

Соңғы жаңалықтар