Елбасы: ХХІ ғасырда Қазақстанның дамуы халыққа білім беру ісімен тікелей байланысты болады
Мемлекет басшысының атап өтуінше, бүгінгі алқалы жиын болашақта істейтін жұмыстарды саралап, тиісті құжаттар дайындау үшін өткізіліп отыр. Бұған дейін көптеген жұмыстар атқарылды. Алға қойған биік мақсаттарға жетуге барлық мүмкіншіліктер бар.
«ХХІ ғасырда Қазақстанның дамуы халыққа білім беру ісімен тікелей байланысты болады, барлық дүниежүзінде солай»,- деді ҚР Президенті.
Осы орайда Мемлекет басшысы күні кеше Президенті елімізге алғашқы мемлекеттік сапармен келген Финляндияның тәжірибесін мысалға алып, аталған елдің дүниежүзінде білім саласын барынша жоғары игергендігін, басқа салаларда да өркендеп отырғандығын атап өтті.
«Біздің университетіміз аз уақыттың арасында үлкен беделге ие болды. Қазір бұл оқу орны әлемнің жетекші университеттерінің қатарында келе жатыр. Халықаралық стандарттарға сай мамандарды дайындайтын боламыз. Әлемдік экономикалық және білім, ғылыми бәсекеге лайықты болады деп санаймын»,-деді Н. Назарбаев.