15:47, 19 Қазан 2012 | GMT +5
Елбасы Испаниямен қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек беру туралы конвенцияны ратификациялау туралы заңға қол қойды
АСТАНА. 19 қазан. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Испания Корольдігі арасындағы Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы конвенцияны ратификациялау туралы» Заңға қол қойды.
Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.