Елбасы Қараөткелдегі әскери қалашықта болып, әскери қызметшілерге тұрғын үйлердің кілттерін табыс етті

АНА. Мамырдың 6-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай / - Отан қорғаушылар күні және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығы қарсаңында ҚР Президенті - ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана маңындағы Қараөткел кентіндегі әскери қалашықта болып, Қазақстан Армиясының әскери қызметшілеріне тұрғын үйлердің кілттерін табыс етті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 2010 жылдың қарсаңында Отан қорғаушылар осы қалашықтағы алғашқы қоныс тойларын тойлаған болатын. Сол уақыттан бері әскерилер үшін пайдалануға жан-жақты әзірленген бірнеше баспана салынып, бүгінгі күні кәсіби мерекелерінің қарсаңында бірқатар әскерилерге мерекеге тарту ретінде үйлер беріліп отыр.

Айта кетейік, Қараөткел кентіндегі әскери қалашық Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша салынған болатын. Мұндағы коттедж типіндегі тұрғын үй кешенінде Қазақстан Армиясына қызмет етіп жүрген әскерилердің отбасылары тұратын болады. Әскери қалашықта әкімшілік корпус, оқу-зертханалық корпусы, 500 орындық жатақхана, медициналық пункт, 500 орындық асханасы бар мәдени-көңіл көтеретін орталық, әскерлер сапқа тұратын алаң, тир және бассейні бар спорт залдары, дүкен, мектеп және балабақша бар.

Соңғы жаңалықтар