20:02, 26 Қараша 2009 | GMT +5
Елбасы Қазақстан астығын Беларус еліне жеткізу мәселесін ұлғайтуды қарастыруды ұсынды
sp;МИНСК. Қарашаның 26-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Беларус басшылығына Қазақстан астығын Беларус еліне жеткізу мәселесін ұлғайтуды қарастыруды ұсынды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат
«Қазақстан биыл рекордтық астық жинады. Беларустың бидайдың қатты сортына мұқтаждығын ескере отырып, Қазақстан астығын Беларус еліне жеткізуді ұлғайту мәселесін қарастыруды ұсынамыз», деді Н. Назарбаев бүгін Минскіде Президент Александр Лукашенкомен кеңейтілген құрамдағы келіссөздер барысында сөйлеген сөзінде.
«Маған белгілісі, Беларуста агроқалашықтардың құрылысын салу арқылы ауылды түлету бағдарламасы табысты жүзеге асуда. Қазақстан халқының тең жарымына жуығы ауылда тұрады. Сондықтан бұл тәжірибе біз үшін өте маңызды. Менің ойымша, біздің аграршылар ынтымақтаса жұмыс істейтін болады», деп толықтырды сөзін Қазақстан басшысы.