Елбасы: Қазақстан болашақтағы барлық сайлауларына ЕҚЫҰ-ның байқаушылар миссиясын қатыстырудан бас тартуы мүмкін

АСТАНА. 2 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстан болашақтағы барлық сайлауларына ЕҚЫҰ-ның байқаушылар миссиясын қатыстырудан бас тартуы мүмкін.
None
None

Бұл туралы бүгін Ақордада елімізде тіркелген дипломатиялық өкілдіктердің басшыларымен кездескен Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

«Мені Астана декларациясын жүзеге асырудағы динамиканың болмауы алаңдатпай қоймайды. ЕҚЫҰ деп аталатын кеме әлі де гуманитарлық өлшемдерге қырын қараумен келеді. Елдің бір тобының келесісіне қысым көрсетуі үшін ұлттық сайлауларда байқаушылар миссиясы сияқты инструментті босқа пайдалану әрекеттері тағы да байқалуда. Егерде іс осылай жалғаса беретін болса, онда біз болашақтағы барлық сайлауларда бұндай миссиялардан бас тартатын боламыз. Бұл тек мен ғана пікірім емес, барлық ТМД-да айтылуда», - деді Елбасы.

Мемлекет басшысының атап өтуінше,  миссияның бірқатар қатысушылары сайлауға дейін сайлау процесінің ұйымдастырылуы туралы позитивті пікір айтып, артынан қандай да бір стандарттарға сәйкессіздігі турасындағы аңызға бергісіз бір сөйлемді қайталауға бой алдырады. «Біз олардың сайлауға дейін дайындалған мәтінмен келетіндігін жақсы білеміз. Сайлаудан кейін де дәл сол мәтін жария етіледі», - деді ҚР Президенті.

Соңғы жаңалықтар