Елбасы: Қазақстан Швейцарияға ЕҚЫҰ-ға төрағалығы кезінде өз тәжірибесімен бөлісуге дайын

АСТАНА. 22 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстан Швейцарияға ЕҚЫҰ-ға төрағалығы кезінде өз тәжірибесімен бөлісуге, қолдау көрсетуге дайын.
None
None

Бұл Бұл туралы бүгін Ақордада 5 мемлекеттің Елшісінен Сенім грамоталарын қабылдаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

«Біз Швейцария конфедерациясымен серіктестік аясын кеңейтуге мүдделіміз. Өткен жыл қорытындысы бойынша Швейцария Қазақстанның сегізінші сауда серіктесіне айналды»,-деді Мемлекет басшысы.

Елбасының атап өтуінше, Қазақстан мен Швейцарияның жаһандық деңгейдегі көптеген халықаралық мәселелерге көзқарасы ұқсас. Бұл жайт көптеген құрылымдар іс аясында өзара ықпалдастыққа берік негіз бола алады.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Швейцарияның 2014 жылы ЕҚЫҰ-ның төрағалығына сайлануымен құттықтай келе: «Бұл маңызды әрі жауапты қызметті атқаруда біз тәжірибемізбен бөлісуге, қолдау көрсетуге бармыз»,-деп баса айтты.

Соңғы жаңалықтар