Елбасы Қазақстандағы ардагерлерді Жеңістің 65 жылдық мерейтойымен құттықтады

nbsp;АСТАНА. Мамырдың 7-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай / - Мемлекет басшысы Н. Назарбаев Қазақстандағы барлық ардагерлерді Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдық мерекесімен құттықтады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жеңіс мерекесі құтты болсын! Бүгінгі күнге дейін аман-есен жетіп, алланың шапағатына, мемлекеттің құрметіне бөленіп отырсыздар. Соның өзі үлкен бақыт. Сіздер сұрапыл соғысты көрдіңіздер, қазақтың тәуелсіздігінің куәсі болдыңыздар. Сол қызықтарыңыз молынан болсын», деді Мемлекет басшысы бүгін Ақордада бірқатар соғыс ардагерлері мен күш құрылымдардың қызметкерлеріне мемлекеттік наградаларды табыс ету рәсімінде.

Елбасының айтуынша, өзінің Жарлығымен Қазақстандағы барлық ардагерлер мемлекеттік наградалармен марапатталып отыр. «Әрине мен, ардагерлердің барлығына дерлік мемлекеттік наградаларды тапсыра алмаймын. Сондықтан да барлық әкімдерге өңірлердегі ардагерлерге мемлекеттік наградаларды тапсыру жөнінде тапсырма берілді», деді Президент.

Елбасы осы орайда қазіргі сәттерде Қазақстанның әр түкпірінде ардагерлерге зор құрмет пен қамқорлықтар көрсетіліп жатқанын атап көрсетті. Сол қамқорлықтардың барлығы Сіздердің соғыс кезінде көрсеткен ерліктеріңізге ұл-қыздарыңыздың көрсетіп жатқан құрметі мен сый-сияпаты. Енді біздің ұрпағымыз біздің буынды да сіздерді қадірлегендей қастерлесе екен дейміз. Менің ойымша, ұрпақтар сабақтастығы - баланың атаға деген құрметі осылай болуы тиіс», деді Н. Назарбаев.

Елбасы Ресей басшылығының шақыруымен Мәскеудегі Жеңіс парадына қатысатынын айта келе: «Парадқа көптеген елдердің мемлекет басшылары қатысады. Сондықтан да мамырдың 9-ы күні Сіздермен бірге бола алмаймын. Оған ғафу өтінемін», деді.

Соңғы жаңалықтар