Елбасы қазақстандық бизнесмендерді үнемшіл және қарапайым болуға шақырды

АСТАНА. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін Астанада өткен ҚР Президенті жанындағы кәсіпкерлер кеңесінің 1-ші жалпы отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық бизнесмендерді үнемшіл және қарапайым болуға шақырды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елбасының айтуынша, бизнес қаржылық дағдарыстан мынадй сабақтар алуы тиіс. Біріншіден - бизнесмендер қалтада бар қаржыны қанағат тұтып, қарапайым болуды үйренуі қажет. Екіншіден - қаржыны үнемшіл болуды және қой үстіне бозтарғай жұмыртқалаған заманнан кейін де күрделі кезеңдердің туатынын, соған дайындалу қажеттігін үйренулері тиіс. Үшіншіден - несиені «он ойланып, жүз толғанып» барып алулары қажет. Себебі судың да сұрауы барын әрдайым есте ұстау керек.

Соңғы жаңалықтар