Елбасы қазақстандық жауынгерлерді Отан қорғаушылар күнімен құттықтады
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Мен бүгін үздік генералдар мен офицерлерді бейбіт уақыттағы еңбектері, жоғары біліктіліктері, Отан алдындағы қызметтері үшін мемлекеттік наградалармен марапаттадым. Біздің 19 офицерімізге генерал атақтарын бердім. Олардың бұған еңбектері сіңді. Олар ардагерлеріміздің ерек еңбектерін жалғастырып, олардан оқып үйренуде. Генерал-офицерлер, Сіздерді наградаларыңызбен құттықтаймын. Сіздерге зор денсаулық, табыстар тілеймін. Сіздердің аттарыңыздан біздің еліміздегі барлық жауынгерлерді Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын", деді Мемлекет басшысы бүгін Ақордада бірқатар соғыс ардагерлерін және күш құрылымдардың қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттау рәсімінде сөйлеген сөзінде.
Мемлекет басшысы Отанымызға игілік, достық және бірлік тіледі. "Қазақстан алға басып, өркендей берсін! Біздің азаматтарымыздың өмірі жақсара берсін", деді Елбасы.