11:08, 01 Мамыр 2010 | GMT +5
Елбасы қазақстандықтарды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтайды - Астана
nbsp;АСТАНА. Мамырдың 1-і. ҚазАқпарат /Қаламқас Әбуова/ - Елбасы бүгін отандастарымызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтайды.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1996 жылы мамырдың 1-ін Қазақстан халқының бірлігі күні деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойды.
Бүгін Астанада үлттық-мәдени орталықтар, көркемөнерпаздар ұжымдары дайындаған үлкен концерттік бағдарлама болады.
Бүгін сондай-ақ, еліміздің барлық өңірлерінде театрландырылған қойылымдар, мерекелік концерттер, фестивальдер, шерулер өтеді. Мереке құрметіне қазақстандықтар үш күн демалады.