Елбасы «Қазмырышта» болып, мыс зауытының балқыту цехының құрылысымен танысты

nbsp;ӨСКЕМЕН. Қыркүйектің 6-сы. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Өскеменде «Қазмырыш» зауытында салынып жатқан жаңа мыс цехының металлургиялық алаңында болып, ондағы жаңа өндіріс құрылысының қорытынды жұмыстарымен танысты.
None
None

«Қазмырыш» ЖШС президенті Ник Попович Нұрсұлтан Әбішұлына «Жаңа металлургия» жобасының ерекшеліктері туралы әңгімелеп берді. Өндіріс іске қосылғаннан кейін бұл жерде жылына 70 мың тонна мыс өндірілетін болады, ал бұл 1 мыңнан астам жұмыс орны. «Құрылыс үш жылға созылды және оған 5 мыңнан астам адам атсалысты. Қазіргі замандағы ең үздік әлемдік технологиялар, жабдықтар орнатылуда, біраз мамандар шетелде оқып келді», - деді Ник Попович атқарылған жұмыстарға тоқталып.

Қазақстан Президенті «Қазмырыш» жұмысшыларына арнаған сөзінде, осы жылдар бойы кәсіпорынның жұмысын жіті бақылап отырғанын және инвестордың Қазақстан экономикасына қосып отырған үлесін бағалайтынын атап көрсетті. Елбасы сондай-ақ, қала экологиясының жақсарғанын, зиянды қалдықтардың аз шығарыла бастағанын айтып өтті. Н.Назарбаев жұмысшылардан олардың жалақылары туралы, олардың жұмыс жағдайлары мен қаладағы тіршіліктері туралы сұрады және Өскеменнің жақсарып келе жатқанын айтып өтті.

Аймаққа жұмыс сапарының барысында Елбасы Қазастанның Индустрияландыру картасына кіретін жобалардың жүзеге асырылу барысымен және экономиканың нақты секторындағы жағдаймен танысуда.

«Жаңа металлургияә жобасының құны 783,2 млн. АҚШ долларын құрайды, шамамен 700 қосымша жұмыс орны құрылады. Бұл жобаға мыс зауыты, мырыш зауытын қайта құру жұмыстары және жаңа күкірт қышқылы цехы мен экологиялық өндірістің құрылысы кіреді.

Соңғы жаңалықтар