Елбасы «KEGOC» АҚ президентімен әңгіме кезінде жеделдетілген индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын орындау барысы туралы ақпаратты тыңдады

АСТАНА. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «KEGOK» АҚ президенті Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады.
None
None

А.Сәтқалиев Президентке компанияның 2009 жылғы қызметінің қорытындылары туралы есепті және Қазақстан тұтынушыларын қуат көзімен қамтудың ағымдағы жағдайы туралы, ұлттық электр желісін дамыту жөніндегі компанияның жоспарын ұсынды.

Әңгімелесу кезінде, сондай-ақ жеделдетілген индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын орындау, атап айтқанда, электрэнергетикалық саладағы стратегиялық инфрақұрылым жобаларын іске асыру барысы туралы әңгіме болды.

Кездесудің қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы нақты тапсырма берді.

Соңғы жаңалықтар