Елбасы Киевте басталған Ядролық энергияны қауіпсіз және инновациялық мақсатта пайдалану жөніндегі саммитке қатысуда
Украина президенті Виктор Януковичтың бастамасы бойынша ұйымдастырылып отырған форумның мақсаты -бейбіт ядролық энергетиканы жауапкершілікті және қауіпсіз дамытумен қамтамасыз ету қажеттілігіне назар аударту болып табылады. Киевте басталған Саммитке 67 елдің делегациясы қатысуда, ол делегацияларды мемлекет және үкімет басшылары бастап барған.
Киевтік Саммитің өзектілігі Жапониядағы «Фукусима-1» атом электр стансысында болған қайғылы оқиғаға байланысты тіптен арта түсуде.
Саммит барысында ядролық энергияны бейбіт жолмен пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуда мемлекеттердің құқықтарын қамтамасыз ету мәселесі талқыланатын болады. Саммит қорытындысы бойынша делегация басшылары жоғары деңгейдегі «Ядролық энергияны қауіпсіз және инновациялық мақсатта пайдалану жөніндегі киевтік саммит» атты кездесу қорытындысы бойынша мемлекет басшылары, үкімет және олардың өкілдерінің қорытынды құжатын келіседі деп күтілуде.
Саммит ХХ ғасырдағы ең ірі техногенді апатқа айналған Чернобыль атом-электр стансысындағы апаттың 25 жылдығына арналып отыр.
Саммитке БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун, Еуропалық Комиссия президенті Жозе Мануэл Баррозу, Польша Президенті Бронислав Коморовский, Хорватия Президенті Иво Йосипович, Венгрия Президенті Пал Шмитт, МАГАТЭ-ның Бас директоры Юкия Амано, ЕБРР Президенті Томас Миров, Франция Премьер-министрі Франсуа Фийон, Литва Премьер-министрі Андрюс Кубилюс, Чехия Премьер-министрі Петр Нечас, ҚХР Мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Чжан Дэцзян және басқалар қатысуда.