Елбасы Король Абдалла II атындағы өндірістік-конструкторлық бюроның индустриялық паркінде болды

АММАН. Қарашаның 5-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Иордан Хашимит Корольдігіне ресми сапары аясында кеше Король Абдалла II атындағы өндірістік-конструкторлық бюроның индустриялық паркінде болып,
None
None

онда  жеңіл көлікті қайта жаңғыртатын зауыттың жұмысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Бұл бюро әскери техника саласындағы әзірленімдерге мамандандырылған. Мұнда жеңіл көлікті қайта жаңғыртатын зауыт орналасқан. Бюро 1999 жылдың тамыз айында заманауи қару-жарақтарды және әскери техникаларды әзірлеу үшін құрылған. Осы жылдар ішінде ол әскери-техникалық кешен саласындағы әлемдік көшбасшылармен бірлескен жобаларды жүзеге асыра отырып, танымал болып үлгерді. Мәселен, бұл кәсіпорын былтыр Ресейде өткен «Ұлттық қауіпсіздік» конкурсының «МВСВ-2008» атты қарулану және әскери техникалық III халықаралық салонының лауреаты атанған.

 Қазақстанның Иорданиядағы елшілігінің мәліметінше, Король Абдалла II Иорданияның әскери өндірісті кешенінің мүмкіндіктерін пайдалана әрі әскери техникаларды бірлесіп жаңғыртуды ұсына отырып, Иордания мен Қазақстан арасында әскери-техникалық ынтымақтастық орнату қажет деп санайды. Осыған байланысты Иордания мен Қазақстанның қорғаныс министрліктері мен арнайы қызметтері деңгейінде байланыстар жолға қойылып жатыр. Мәселен, Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Иорданияның Жалпы барлау қызметі қауіпсіздік саласында ынтымақтастық туралы уағдаластыққа қол жеткізді. 2008 жылы арнайы қызметтер желісі бойынша мемлекетаралық ынтымақтастық практикалық тұрғыдан өріс алды: лаңкестікпен, экстремизммен және ұйымдасқан қылмыспен күрестегі бірлескен операцияларды үйлестіруді жүзеге асыру үшін Иорданияға ҚР ҰҚК арнайы өкілі жіберілді.  2008 жылдың сәуірінде Иорданияда мемлекеттердің ішкі қауіпсіздігін сақтау және лаңкестікпен күрес саласындағы арнайы операцияларды жүргізу үшін «SOFEX-2008» атты қарулану мен техникалардың кезекті көрмесі өтті. Қазақстан тарапынан оған ҚР Қорғаныс министрлігінің делегациясы қатысты. Сол жылдың қазан айында Астанада Иорданияның «Global Shieid» және Қазақстанның «Қазақстан Инжиниринг» компаниясы арасында иорданиялық әскери техниканы жаңғырту саласындағы ынтымақтастық жөнінде келіссөздер өтті.

Соңғы жаңалықтар