Елбасы қойған міндеттер барлық мемлекеттік органдарға, еліміздің әрбір азаматына қатысты - Қорғаныс министрі Ә.Жақсыбеков

bsp; Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат- Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков бастаған Елбасы Жолдауын түсіндіру жөніндегі ақпараттық-насихат тобы Қостанай облысындағы жұмыс сапарын аяқтады,
None
None

деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

Жиналған қауымның алдында сөйлеген сөзінде қорғаныс министрі, Елбасы Жолдауының үлкен идеялық-саяси маңызға ие екенін және оның еліміздің барлық даму бағыттарына жаңа серпін беріп отырғанын атап көрсетті.

«Елбасы Жолдауы - елімізді индустриялық-инновациялық дамытуға және ең бастысы, экономика мен әлеуметтік саланы жаппай түрлендіруге бағытталған Қазақстанның дамуының жаңа стратегиялық бағыты», деп атап көрсетті министр өз сөзінде.

Ол сондай-ақ Елбасы алған қойып отырған міндеттердің барлық мемлекетітк органдарға, еліміздің әрбір азаматына қатысты екендігіне тоқталды.

Әділбек Жақсыбеков сапар барысында Қостанай кәсіпорындарын аралады. Атап айтқанда, армияға арналған киім-кешектің ¼ тігілетін «Большевичка» кәсіпорнында, қазақстандық армия жауынгерлері үшін аяқ киім тігетін кәсіпорындарда болды. Қорғаныс министрі Қарулы күштер үшін машина құрастыруға және оларға қызмет көрсетуге әзірліктерін білдіріп отырған «АгромашХолдинг» акционерлік қоғамына да ат басын тіреді.

Соңғы жаңалықтар