Елбасы ҚР Бас прокуратурасына үйлерді автотұрақсыз салуға кім рұқсат бергендігін анықтауды тапсырды
«Соңғы 3 жылдың ішінде барлық көппәтерлі үйлердің жартысы Алматы ауданында салынған. Бұған қоса негізінен 16 қабаттан биік үйлер бой көтеруде»,-деді Елбасы.
Мемлекет басшысының атап өтуінше, аталған аудан халқы онсыз да тығыз қоныстанған. Бүгінде онда 365 мың адам тұрып жатыр. Бұл шамамен елорда халқының жартысына тең. Халықтың тығыз қоныстануы нәтижесінде көшелер мен аулалар машинаға лық толы. Сондықтан көзге оғаш көрінеді. Әрі-бері жүру қиын. Шағын саябақтар жетіспейді. Сондықтан адамдар ыңғайсыздық сезінуде.
«Кез келген жаңа үйді салу барысында мен міндетті түрде паркингтер қарастыруды тапсырған едім. Алайда, соңғы 3 жылдың ішінде салынған 41 мың пәтерге тек 3,5 мың көлік орны салынған»,-деді Мемлекет басшысы.
Мұның себебі, әкімдік үй құрылысына паркингсізде рұқсат беретінін айтқан Елбасы: «Бас прокуратураға бұл фактілерді тексеруді және рұқсат беретін әрі үйді паркингсіз, ауласыз, балалар алаңынсыз кім қабылдайтындығын баяндауды тапсырамын»,-деді Н. Назарбаев.