Елбасы ҚР Конституциялық Кеңесінің Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласының аумағында сайлау өткізбеу туралы шешіміне вето қойды

АСТАНА. 10 қаңтар. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласының аумағында сайлау өткізбеу туралы шешіміне вето қойды, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.
None
None

Мемлекет басшысы тарапынан ағымдағы жылдың 10 қаңтарында Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 6 қаңтардағы № 1 қосымша қаулысына қарсылық енгізілді, өйткені ҚР Констициялық Кеңесі Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласының аумағында Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің және мәслихаттар депуттарының сайлауын өткізбеу туралы шешім қабылдаған еді.

Қарсылықты енгізе отырып, Қазақстан Президенті Жаңаөзен қаласының тұрғындарының алаңдаушылығы мен абыржушылығын ескерді, өйткені Конституциялық Кеңестің жоғарыда көрсетілген шешімі еліміздің заңдары мен Конституциясында қарастырылған олардың сайлау құқықтарын шектейді.

Сөйтіп, Мемлекет басшысы қабылдаған аталған шешімнің жалғыз ғана мақсаты - Жаңаөзен тұрғындары үшін мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлау және сайланудағы өздерінің конституциялық құқықтарын іске асыру мүмкіндігін қамтамасыз ету.           

Соңғы жаңалықтар