Елбасы Мәскеуде өткен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдық мерейтойына арналған әскери парадты тамашалады

ӘСКЕУ. Мамырдың 9-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай / - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін, мамырдың 9-ы күні Ресей астанасы Мәскеуде өткен 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдық мерейтойына арналған әскери парадты тамашалады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қызыл алаңдағы парадқа Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің жауынгерлерімен қатар ТМД-ға мүше мемлекеттердің, атап айтқанда Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Беларус, Украина, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстанның Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері, сондай ақ антигитлерлік коалиция бойынша одақтас елдердің - Франция, АҚШ, Ұлыбритания, Польша мемлекеттерінің әскерлері де қатысты. Парадты Қазақстаннан арнайы барған Ұлы Отан соғысының бірқатар ардагері де тамашалады.

Қызыл алаңдағы әскери парадты бірінші болып барабаншылар ротасы ашты. Содан кейін Ресейдің мемлекеттік туын, Жеңіс жалауын және Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің жалауын алып арнаулы топтар жүріп өтті. Одан соң Қызыл алаңмен майдан штандарттары алып өтілді. Бұлардан ізін ала Қызыл алаңдағы әскери парадпен мыналар: Знаменная рота, Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің үш түрінің, атап айтқанда Құрғақтағы әскердің, Әскери әуе күштерінің және Әскери теңіз флотының құрметті қарауылдары, Ұлы Отан соғысы жаяу әкерлерінің ротасы, Әскери теңіз флотының ротасы, ТМД-ға қатысушы елдердің әскерлері, Антигитлерлік коалиция бойынша одақтас елдердің әскерлері, Түрікменстаның атты сарбаздары, Президенттік полктің кавалерлік құрметті эскорты жүріп өтті. Одан кейін РФ Қарулы Күштері үшін әскери мамандар даярлайтын академиялардың, университеттердің, училищелердің түлектері сап түзеді.

Бұдан соң әкери техникалардың шеруі басталды. Атап өтерлігі, бұл парад қатысушылардың саны мен әскери техникалардың саны жағынан бұрынғыларынан әлдеқайда ауқымды және ең ірісі болды. Парадқа он мыңнан астам адам қатысты. Сонымен қатар, Қызыл алаңмен құрғақта жүретін 150 бірліктен астам әскери техникалар сап түзеді. Бұдан бөлек Мәскеу аспанымен 127-дан астам тікұшақтар мен ұшақтар ұшып өтті. Парадқа қатысқан әскери техникалардың ішінде соғыс кезінде майдан даласында ұрыс салған советтік орташа танктен бастап, қазіргі заманғы заманауы техникалар, атап айтқанда оқ өтпейтін әскери автомобильдер мен машиналар, БТР-лер, БМП-лар бар. Әскери парадта тұңғыш рет «Топаль М» деп аталатын ең айбатты және заманауи жылжымалы зымырандық кешен мен әлемде теңдесі жоқ «Панцирь» атты өздігінен жүретін зениттік кешен көрсетілді. Ал, Мәскеу аспанымен ұшып өткен тікұшақтардың көшін Ресейдің туын және Қарулы Күштердің жалауын байлаған МИ -8 деп аталатын көліктік-әскери тікұшақ бастады. Ал, ұшақтарды парадқа МиГ-29 СМТ деп аталатын майдандық жойғыш ұшақ жане Су-25 СМ деп аталатын шабуылдаушы ұшақ бастап шықты. Бұлардан бөлек бомбылаушы, дыбыстан да жылдам ұшатын стратегиялық бомбылаушы, оқу-әскери, әуеде отын құятын, зымыран тасымалдағыш ұшақтар ұшты.

Әскери парадты РФ Қарулы Күштерінің әскери оркестрлік полкі аяқтады.

Қызыл алаңда өткен әскери парадты жалпы саны 21 елдің басшылары және 3 халықаралық ұйымның бас хатшылары тамашалады.

Соңғы жаңалықтар